|
18.09.2023 | 15:31
1546

Ұлы дала жорығы: «Рекорд» командасына қомақты қаржылай сыйлық бекітілді

Келесі жылы Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарланады

Ұлы дала жорығы: «Рекорд» командасына қомақты қаржылай сыйлық бекітілді "Ұлы дала жорығы" ұйымдастырушы комитет

Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының құрамы Түркістанға таяп келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Рекорд» командасы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.

Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде қоры бекітілді.

1-орынға - 2 миллион теңге,

2-орынға -  1,5 миллион теңге,

3-орынға - 1 миллион теңге беріледі.

Әзірге командадағы 3 шабандоздың уақыты әртүрлі. Атап айтқанда, 12-кезең бойынша, Маңғыстау командасының шабандозы 89 сағат 46 минут есебімен алда келе жатыр. Екінші орын - 92 сағат 10 минут уақыт есебімен Жетісу командасының рекордсменінің еншісінде. Үшінші орында - 92 сағат 33 минут есебімен Астана командасының шабандозы тұр.

Алда соңғы 2 кезеңді қосқанда 150 шақырым тұр. Яғни, марафон-бәйгенің мәреге жетуіне сәл қалды. Әйтсе де топырақты төңкере шапқан тарлан жануарлар әлі де бабында. Ал ертең шын жүйрікке бәйге бұйырып, аты озған аймақ бөрігін көкке лақтырады.

Айта кету керек, «Рекорд» командасы діттеген мақсатына жетсе, келер жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер конкурсы мәресіне жетті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир