Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Е. Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.
Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы да Елена Рыбакина 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.
Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.
Өткен жылы Е.Рыбакина бастапқыда отандасы Зарина Диясты ұтқанымен, екінші айналымда жеңіліп қалған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат