Бразилиялық нокаутер Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

29.08.2022 20:46

Таяуда ғана Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Top Rank

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазір сен нағыз чемпионсың, мен сенің белбеуіңді тартып аламын. Кеттік, чемпион", - деп жазды Фалькао Twitter-де.

Айта кетейік, таяуда ғана Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын