|
01.10.2023 | 15:51
3704

Сағындық Тоғамбай: Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Финалда боксшы Хан Сюэчжэнь қарсыласына жол берді

Сағындық Тоғамбай: Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Қытайда өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында ел қоржынына 22-ші қола медаль түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында бокстан 1/2 финалда  Сағындық Тоғамбай алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңісті қарсыласқа берді.

Бүгін сондай-ақ Наталья Богданова 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Моңғолия өкілі Цэцэгдари Мягмарсурэнмен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына шығып, өзін кемінде қола жүлдемен қамтамасыз етті.

Айта кетейік, осы уақытта ел құрамасында 30 медаль бар – 3 алтын, 5 күміс және 22 қола.

Оқи отырыңыз: Бекәділ Шәймерденов - кураштан Азия ойындарының күміс жүлдегері

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир