Алматыда қазақ күресінен республикалық «Әскер барысы» сайысы өтіп жатыр

elorda.info
elorda.info
Азулы додаға еліміздің әр өңірінен барлық әскери күш құрылымдарының атынан 27 жігіт өзара мықтыны анықтайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дәл қазір қазақ күресінен республикалық «Әскер барысы» сайысы өтіп жатыр. Азулы додаға еліміздің әр өңірінен барлық әскери күш құрылымдарының атынан 27 жігіт өзара мықтыны анықтайды. Доданың басы-қасында жүрген әріптесім Мерей  Қанапиянов  Almaty.tv тікелей эфиріне қосылуға дайын.  

– Мерей, сөз кезегі өзіңде. Жарыс қалай өтіп жатыр?

– Иә, Өмір. Біз дәл қазір ОСК спорт залында тұрмыз. Белдесулер таңғы сағат 10-да басталып кетті. Бұл додаға әскери салада жүрген 14 бөлімнен 27 спортшы келіп, бақ сынауда. Әзірге, алғашқы айналымдардан сүрінбей өткен спортшылардың жартылай финалдық белдесулері өтіп жатыр. Сонымен қоса, финалға шыққан 2 спортшы автоматты түрде Қазақстан барысы турниріне жолдама алады.

«Айта кетейін, «Әскер барысы» осымен 5 жыл қатарынан өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында 2017 жылы Қазақстан барысы турнирінде жеңімпаз болған Еламан Ерғалиев та әскери қызметшілердің арасынан шыққан еді. Ал осы доданың басты үміткері өткен жылы басты сайыста жүлдегер атанған Ерасыл Қажыбаев болып отыр», – деді жарыстың бас төрешісі Нұржан Қазыбеков.

«Еске сала кетейік, турнир жеңімпазы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесін иемденеді. Сонымен қоса, қосымша демеушілердің атынан қомақты ақшалай жүлдеге ие болады. Ал, әскер барысының жеңімпазы кім болатыны кешке қарай белгілі болады. Өмір, сөз кезегі өзіңде», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитеті - орталық спорт клубының штаб бастығы Еркебұлан Түсіпханов.

– Рахмет. Бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Мерей Қанапиянов болатын.

Новости партнеров