|
06.05.2019 | 15:52
4513

Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы ескі велотрек қайта жанданды

Велотректің жалпы ұзындығы – 330 метр

Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы ескі велотрек қайта жанданды

30 жыл бойы істемей тұрған спорт нысаны Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының демеушілігімен жөндеуден өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

«Біздің қор қайырымдылық шараларымен қатар еліміздегі спорттың дамуын қолдайды. Осының арқасында көптеген облыста спорттық нысандар салынып жатыр. Алматы қаласында велотректі қалпына келтіру үшін қаржы бөлдік. Енді спортшылар осы жерде жаттығып, жоғары жетістіктерге жетеді деп сенеміз», – дейді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ.

Велотректің жалпы ұзындығы – 330 метр. Мұнда скейтпарк, дерт-трек, памп-трек, модульді бөлмелер мен 200 орындық трибуна бар. Сондай-ақ, осы жөндеу барысында саябақ көгалдандырылып, 150 ағаш отырғызылған.

Халықаралық талапқа сай жаңартылған спорттық нысан велоспортты дамыту және бұқараға кеңінен таныту мақсатында белсенді түрде пайдаланылады. Атап айтқанда, алаңда қаладағы спорт мектебінің оқушылары үшін сабақ өткізіледі, сондай-ақ, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасы балаларының велоспортпен тегін шұғылдануына жағдай жасалады және ең бастысы мұнда «Apple Team» велокомандасын дайындау жоспарланған.

«Бүгінде Алматыда велосипедпен жүру жақсы қарқын алып келеді. Экстремалды, кәсіби тұрғыдан айналысатындардан бөлек велосипедпен тынығып жүретіндердің қатары артқан. Былтыр біз «Apple Team» атты континентальді команда құрдық. Бұл – велоспортпен айналысқысы келетін спортшыларға арналған веложолақ. Жалпы, клубта 120 бала бар, ал «Astana pro team-де» Қазақстаннан 9-10 спортшы ғана бар. Қазір 3 команда құрылды. Бұл басқа да споршыларға зор серпін беретін болады деп сенеміз», – дейді «Аpple team» бақылау кеңесінің төрағасы Сұлтанбек СЫЗДЫҚОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир