Алматыда әлемге әйгілі «Oceanman» спорттық жүзу сайысы бастау алмақ

Алматыда әлемге әйгілі «Oceanman» спорттық жүзу сайысы бастау алмақ
Аталмыш жарысқа 1200-ге жуық спортшы мен әуесқойлар қатысып, бақ сынай алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы орайда, бүгін «Оушенмэн Алматы-Қапшағай 2021» атты шараны қалада өткізу туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы мен Қапшағай қаласының әкімдігі  және «ZIP Қазақстан» компаниясы  қолға алған жаңа спорт түрі елімізге туристер тартып, халықаралық деңгейде туризмнің дамуына мүмкіндік бермек. Алдағы уақытта аталмыш жарысқа 1200-ге жуық спортшы мен әуесқойлар қатысып, бақ сынай алады. Ал спорттық жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетелік, «оceanman»  ашық суда жүзу бойынша халықаралық жарыс болып табылады. Алғаш рет 2015 жылы Испания, Италия елдерінде бастау алған бұл спорт түрі қазіргі уақытта  Ресей, Швейцария, Мексика, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ, Малайзия, Франция, Тайланд және Греция елдерінде жалғасын табуда.

Новости партнеров