Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді
tengrinews.kz
Жекпе-жек 28 қазанда өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі айқасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ресми түрде! 28 қазанда TOP Fight чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтеді», - деп жазды қазақстандық спортшы өзінің Instagram-парақшасында.
«Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ.
Еске салайық, Қуат Хамитов мұның алдындағы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Василий Бабинцевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10