Алматыда жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
10 мектептен 72 бала қатысып, үздік спортшылар анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында қалалық деңгейде жарыс өтті. Оған 10 мектептен 72 бала қатысып, үздік спортшылар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде қала мектептерінде спорттың осы түрімен жаттығуға бейімдейтін үйірмелер жұмыс істейді. Оқы жылының басынан бастап санитарлық нормаларды сақтай отырып сабақтар жазғы алаңдарда өткізілген болатын.

Еске салайық, Ел Президенті соңғы жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керектігін атап өткен еді. Сала мамандарына әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу туралы тапсырма берілген.

«Бүгінде қаланың жалпы білім беретін 10 мектебінде сабағымызды өткізіп жатырмыз. Жеңіл атлетика үйірмесіне 8 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Оқу тегін. Балалардың дайындығын шыңдау мақсатында жарыс ұйымдастырдық. Алдағы уақытта спорттың бұл түрін әлі де дамытпақпыз», – деді қалалық Жеңіл атлетика федерациясының бас менеджері Наталья Попова.

Новости партнеров