Елордада грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнирде командалық есепте Қазақстан палауандары бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
3 күнге созылған халықаралық жарыста Қазақстан жастар құрама командасының спортшылары 5 салмақтың 4 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды. Мәселен, 60 келі салмақта Ұлттық құраманың мүшесі Нұрсұлтан Базарбаев, ал, 67 келі салмақ дәрежесінде Қошқар Дінмұхаммед. Сондай-ақ, 77 келі салмақта Вейсал Эюбов. Ал, аса ауыр салмақ дәрежесінде ақтөбелік Ұлттық құраманың мүшесі Асылбек Жәнібекұлы бас жүлдеге қол жеткізді.
«Жақсылық Үшкемпіровтың жарысы өте жақсы жарыс ол. Ол жастар арасында өтеді. Мықты жарыс. Бұдан орын алудың өзі өте қиын жарыс. Жастарға қаржылайда көмектеседі. Спорт шебері атағын береді. Бірінші орынға. Азия және әлемнің біріншіліктеріне іріктеу жарыс. Өте жақсы жарыс жақсы ұйымдастырылады. Жыл сайын қатысамыз бұған», – деді спортшы Асылбек Жәнібекұлы.
Турнирде 7 мемлекеттің спортшылары күш сынасты. Қазақстан құрама командасы бас жүлдеге ие болса, бірінші орынды Грузия мемлекеті, Одан кейін Өзбекстан командалары иеленді.
«Енді қарсыластар бойынша айтатын болсақ, Өзбекстан спортшылары өздерінің үздік спортшыларын, Грузия мемлекеті де үздік спортшыларын алып келді. Барлық келген командалар жақсы дайындықпен келді. Қырғыз спортшылары да өздерінің елінде үздік шыққан спортшыларын алып келді. Украинадан еліміздегі кейбір жағдайларға байланысты толық спортшылар клеген жоқ. Одан кейін Ресей мемлекеті де толық спортышыларын алып келген жоқ. Соның өзінде олардың спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді», – деді Грек-рим күресінен ұлттық құрама командасының басшысы Абылайхан Қылышбаев.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!