Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавирус жұқтырды. Қазір ол Талдықорғандағы облыстық ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Иә, алынған сынама оң нәтиже көрсетті. Пневмония диагнозын қойды. Ауруханада емделіп жатқаныма бір апта болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Алғашқы күндері қиын болды: дене қызуым көтеріліп, қатты жөтелдім. Жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлер жақсы көмектесуде. Қазір көбі коронавируспен ауырып жатыр. Көз жұмғандар да бар. Сондықтан емделіп, денсаулықты күту керек», – деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған кәсіби спортшы.
2014 жылы Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
2018 жылдың қазан айынан бастап Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымын атқарады.
Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Үйленген, екі баласы бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қайсар» футбол клубының 25 ойыншысы коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!