|
06.09.2019 | 16:14
2640

Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

Фестиваль 7-8 қыркүйекте көпфункционалды «Almaty Arena» спорт кешенінде өтеді

Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды

Алдағы демалыс күндері, 7-8 қыркүйекте көпфункционалды «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы.

Брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.

«Алматы Нұр-Сұлтаннан челленджді қабылдады. Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», – деді Р. Байсейітов.

Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшы Қанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», – деді Қ. Ислам.

Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте, таңғы сағат 10-00-де басталады.

Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді:

- Streetball 3*3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары)

- Workout (freestyle және base wars)

- Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90+ қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)

- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер)

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс

- Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. BMX Freestyle Show

- Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)

8 қыркүйек Супер финалдар өтеді.

Басталуы күндізгі сағат 12.00 Аяқталуы - 19:00

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30. Сағат 20:00-де концерт басталады.

Жүргізуші - Ілияс Ибраимов Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:

WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер

- Graffiti и Street art от Repas Workshop

- Қалалық тақырыптық квест

- Karaoke-Battle

- Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік класстары

- балалардың белсенділігі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир