«Алматы» хоккей клубы Атыраудың «Бейбарысын» 5:4 есебімен жеңді

«Алматы» хоккей клубы Атыраудың «Бейбарысын» 5:4 есебімен жеңді
Алматының хоккейі тарихы сонау XX ғасырдың 50-жылдардан бастау алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шайбалы хоккейден «Алматы» клубы Атыраудың «Бейбарысын» қабылдап, 5-4 есебімен жеңіске жетті. Десе де, биыл чемпиондыққа бір табан жақын «Алматы» хоккей клубы үшін былтырғы чемпиондардан айласын асыру оңай болмады. Қазақстанның ашық біріншілігі аясында өткен ойыннан соң, Владимир Капуловский жаттықтыратын ұжым әзірге турнирлік кестеде 56 ұпаймен 2-інші орында келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халық арена спорт кешенінде өткен кездесудің алғашқы минутынан бастап, жергілікті команда ойынды өз қолдарына алды. Бірінші кезеңде «Алматы» хоккей клубы есепті ашқанымен қонақтар сапынан араға жеті минут салып Степанов теңестіріп кетті. Шабуылдарға толы алғашқы кезең 2-2 есебімен аяқталды.      

«Бүгінгі ойын өте керемет болып жатыр. Кеше бірінші күні ойыны болды да, бүгін енді жақсылап дайындалғаны көрініп тұр. Өте қызық. енді әрі қарай жалғасы жақсы болады деп ойлап отырмыз», – деді бір тұрғын.

«Өте жақсы ойнап жатыр. Бұл мен екінші рет келіп отырмын. Алматы командасының ойынына. Бізге өте ұнайды. Алыс болса да келеміз әрқашан», – деді келесі бірі.

Үзіліс кезінде «Алматы» хоккей клубының бапкері ойынға біраз өзгерістер енгізді. Біраз уақытқа дейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Алайда, кездесудің 29 минутында Сергей Демагин командасын алға жетелесе, артынан тағы жауапсыз 2 шайба салынды.    

Екінші кезең аяқталды. Есеп 5-2. Әзірге алматылық клуб алда келе жатыр. Ал, жанкүйерлер үшінші кезеңді тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, олар «Алматының» жеңісіне сенеді.

Шешуші үшінші кезең бастала сала, қонақтар шабуылдарын үдете түсті. Оған қоса алматылықтар сапынан ойын ережесін бұзып, кіші айыппен жазаланғандар «Бейбарыс» үшін пайда әкелді. Соңғы 20 минутта «Алматы» тегеурінді қарсылық көрсетіп, жеңісті алып қалды. Қорытынды есеп 5-4. «Алматының» пайдасына.  

«Қазір барлық қарсылас қиын. Себебі, барлығы жеңілмеуді мақсат етеді. Ал, бүгінгі ойындағы жоспар орындалды. Ең бастысы жеңісті қолдан бермеу болды. Жанкүйерлерге алғыс айтамыз. енді алдағы демалыста бүгінгі жіберген қателіктерді қайта қарап, келесі ойындарда жібереуге тырысамыз», –Алматы хоккей клубының ойыншысы Нұрсұлтан БЕЛГІБАЕВ.  

Осылайша, 56 ұпаймен «Алматы» хоккей клубы турнирлік кестедегі 2 орынын сақтап қалса, бірінші орында 62 ұпайы бар «Арлан» келе жатыр. Ал, «Бейбарыс» 40 ұпаймен 4 орынға түсіп қалды. «Алматы»хоккей клубы келесін ойынын қонақта «Құлагерге» қарсы өткізеді.

Арнат Дүйсен, Нұржан Оразбеков «Алматы» теларнасы  

Новости партнеров