|
07.11.2019 | 16:32
2188

«Жабылып зорламақ болды»: сарбаз әскерде 8 адамды не үшін өлтіргенін түсіндірді

Забайкальеде 8 әріптесіне оқ атқан қатардағы жауынгер бұл әрекетін түсіндірді

«Жабылып зорламақ болды»: сарбаз әскерде 8 адамды не үшін өлтіргенін түсіндірді stan.kz

Қатардағы орыс әскері Рамиль Шамсутдинов Забайкальеде № 54160 әскери бөлімінде 8 әріптесіне неліктен оқ атқанын түсіндірді. Ресейлік сарбаздың айтуынша, оның әрекетіне қоқан-лоққы әрекеттер себеп болған, деп хабарлады stan.kz.

"Мен барғаннан кейін бірден қоқан-лоқы басталды. Телефоным ұрланды, дәлірек айтсам, телефонымды алып кетті. Мен туыстарыма алаңдамасын деп айтпадым.  SIM-картамды жасырып қойып, кейде отбасыммен сөйлесу үшін басқа адамдардың телефонына ауысытырып салып жүрдім. Олар ақшамды да алып кетті. Кімге шағымдану керек? Бұл күлкілі. Мұны айтатын ешкім болған жоқ, егер офицерлердің өздері мені ұрса, кімге айтуым керек? Мен қашып кетуді ойладым, бірақ бәрі жабық болды",- деді Шамсутдинов.

Сарбаздың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні «олар өзін зорлайтынын айтқан.

«Олар маған айтты, мені зорлаймыз деп ескертті. Сол күні лейтенант маған күзет тексерісінен кейін бәрі болатынын айтты. Барлық қалған жасақтарды менің алдымда шығарып жүрді, мен оны білемін. Бұл күні енді менің кезегім келген еді.  Менің баратын жерім болмады, не істеуім керек еді? Олар мені қатты ұрды,  шынымды айтсам өлемін деп ойладым», - деп еске алады Рамиль Шамсутдинов.

Ол өкінетін жалғыз нәрсе - кездейсоқ екі жігітті жарақаттағаны.

«Ал басқалардн жаралағаным үшін өкінбеймін », - деді.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі сегіз адамды өлтірді деп айыпталған Рамиль Шамсутдинов өзінің әрекетін зорлық-зомбылық қаупі деп түсіндірді.

Еске салайық, Шамсутдинов 25 қазанда Забайкальедегі № 54160 әскери бөлімінде әріптестер мен офицерлерге оқ жаудырды. Сегіз адам қайтыс болды, екі адам жарақат алды.

Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаны әскерге шақырылушының қызметке қатысы жоқ жеке себептермен, жүйке ауруы салдарынан деп түсіндірді.

Рамиль Шамсутдиновтың әкесінің айтуынша, ол ұлында ешқандай психикалық ауытқушылықты байқамаған.

"Ұлым мені осындай қылмысқа өздері жеткізді деп отыр", - деді Шамсутдиновтың әкесі.

Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жедел тергеуден кейін жабық отырыс өткізді, онда ол командирлердің жеке құраммен жұмысын сынға алды және тек келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ұзақ мерзімді қызметке жіберіп, шақырылушылардың психикасына терең диагноз қоюды бұйырды.

Төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир