Шайбалы хоккейден ӘЧ: құрамалар тізіміне өзгерістер енгізілді

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Бұл жөнінде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мәлім етті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь құрамалары аталған жарыстан шеттетілген еді.

Әлем чемпионатында Қазақстан хоккейшілері сынға түсетін А тобына Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия құрамалары қатарына Франция қосылды.

Ал В тобындағы Беларусь құрамасын Австрия алмастырды. Сондай-ақ бұл топта Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания бар.

Әлем чемпионаты 13 және 29 мамыр аралағында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Еске салсақ, былтыр Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орынға тұрақтады.

Новости партнеров