Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
14 жастағы Альбина Какенова сары құрлық тізімінде көш бастады. Қазақ теннисшісінің еншісінде 2722 ұпай бар. Азияның ең үздік ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода – оныншы орындарға орналасты. Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның бес ойыншысы кірді.
Осы рейтинг жарияланбас бұрын Қазақстанның жасөсіпірімдер командасы 14 жасқа дейінгі Азия чемпионатын жеңіп алған болатын.
Теннистен Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өткен Азия чемпионатында жекелей сында алтын жүлдені Ариана Гогулина мен Альбина Какенова иеленді.
Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Альбина Какенова (жаттықтырушысы – Марат Шарипов), Ариана Гогулина (жаттықтырушысы – Мукам Ермаков), Арсений Требухин (жаттықтырушысы - Руслан Абдулатыпов), Олжас Есеналы (жаттықтырушысы - Владимир Честнов) командаға жеңіс алып келді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!