|
03.10.2023 | 21:31
3225

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын түсті

Ұлттық құрама жалпы есепте 12-орынға табан тіреді

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын түсті Almaty.tv

Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын түсті. Кезекті жүлдені велошабандоз Алексей Луценко салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 39,6 шақырымдық уақыт бойынша жекелей жарыста үздік атанды. Сонымен қатар каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46 секундта бағындырып, екінші орын алды. Қытай құрамасы 44  секундта жетіп жеңімпаз атанса, Өзбекстаннан келген ескекшілер қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама 5 алтын, 10 күміс және 29 қола медальмен жалпы есепте 12-орынға табан тіреді.

– Ерекше бір тактика болды деп айта алмаймын. Осы күнге дейінгі дайындықты көрсетететін сәт болды. Бастысы – уақытында бастау. Жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймыз, – деді Азиаданың күміс жүлдегерлері  Ульяна Киселева мен Маргарита Торлопова.

– Командалық есепте Қытайдан кейін 2-орында тұрмыз. Жаман нәтиже емес. Болашақта жұмыс істеуге болады. Келесі Азия ойындарына дайындаламыз. Жастар шығып жатыр. Брокова, Искакова, Киселева, Торлопова сынды қыздар өсіп жатыр, – деді ескек есуден Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайсар Нұрмағанбетов.

Оқи отырыңыз: Азиада ойындары: спортшылардың бір бөлігі елге оралды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир