|
31.01.2020 | 16:38
3927

Бауыржан Исламхан ресми түрде араб футболшысы болды

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубына барып, медициналық тексерістен өтті

Бауыржан Исламхан ресми түрде араб футболшысы болды КФФ

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы команда сапына жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Almaty.tv  Vesti.kz сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубына барып, медициналық тексерістен өтіп, бес айлық келісімшартқа қол қойған. «Әл-Айн» Біріккен Араб Әмірліктерінің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы клуб әлем чемпионатына қатысып, мадридтік «Реалға» есе жіберген (1:4). 26 жастағы жартылай қорғаушы араб командасындағы ең қымбат ойыншылар қатарына кірген. Сонымен қатар, ол БАӘ чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың топ-10 тізіміне енді.  Еске салайық, футболшы «Қайраттан» еркін агент ретінде кеткен болатын. Артынша ресейлік «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Бірақ келісімшартқа отырған жоқ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир