Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшысы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін жеңіп алды, деп хабарлады Sputnik.
Жаңабаев Сиднейде (Австралия) ICC Exhibition Centre аренада өткен бокс кешіне қатысты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Стив Гаго болды. Жекпе-жекте WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары бәске тігілді.
Он раундқа есептелген кездесуде төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан жеңіске жетті: 96-91, 95-92, 95-92.
Жаңабаев кәсіпқой бокста осымен сегізінші жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (оның бесеуін нокаутпен ұтқан). Гаго алғаш рет жеңіліс тапты, ол 11 жекпе-жекті ұтқан (оның төртеуі – нокаут).