Қазақстандық спортшы UFC ТОП-15 тізіміне енді
sports.kz
Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жаңартылған рейтинг жариялаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов промоушндегі бесінші жеңісінен кейін UFC жеңіл салмақтағы үздік спортшылар тізіміне енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов Instagram парақшасында жаңартылған рейтинг жариялаған. Онда «Қазақ» лақап атымен танымал Исмағұлов 15-орында тұр. «ТОП-15-ке қош келдің, Дамир Исмағұлов», - деп қысқа құттықтаған Әбдірахманов.
Еске салайық, «Қазақ» Остиндегі (Техас штаты) UFC турнирінде ұлты грузин Швеция спортшысы Гурама Кутателадзені төрешілердің шешімімен жеңді, алайда келесі аптада Исмағұлов рейтингке енбей қалған болатын. Дамир бұл рейтингке енді кіріп отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46
15 қарашаға арналған валюта бағамы
15.11.2026 09:30
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
15.11.2026 09:11