|
22.02.2023 | 16:44
3332

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден ақтық кезең өтіп жатыр

Жүлдені еліміздің жеті өңірінен 120 спортшы сарапқа салады

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден ақтық кезең өтіп жатыр Almaty.tv

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасы кубогінің ақтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүлдені еліміздің жеті өңірінен және Алматы мен Астана қаласынан келген 120 спортшы сарапқа салады. Кеше басталған сайыстың бағдарламасына сай, 2 күн коньки шеберлері жекелей өнер көрсетсе, 23-24 ақпанда командалық есепте жарысады.

«Біздің жарыста еліміздің ұлттық құрамасының негізгі құрамы жоқ. Өйткені олар 3-5 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Сол жарысқа дайындалып жатыр», – деді конькимен жүгіруден ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Медеу» мұз айдынында 5 жылға жуық жарыс өтпеген. Талай рекорд орнатылған, теңдессіз спорт алаңында алдағы уақытта әлемдік додаларды өткізу жоспарланыпты.

«Жарысты өткізу барысында қандай кемшілік барын көреміз. Бұл жерде  көптен бері реконструкция жасалған жоқ. Жоғары деңгейде өткіземіз, бұйыртса», – деді Ұлттық конькишілер федерациясының атқарушы директоры Олжас Бесбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир