Мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желідегі жеке парақшасын қалай жүргізуі керек

myseldon.com
myseldon.com
Ойын-сауық орындарында түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын қалай жүргізу керектігі айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев қатысты. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақшалар ашуға рұқсат етілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар.

Мемлекет басшысы халықпен тиімді және сапалы қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде болуының маңыздылығын «әрбір мемлекеттік қызметші қадағаланатын мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек»  деп бірнеше рет атап өткен болатын Мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшасын жүргізуінде департаментте атап өткендей, бірқатар шектеулер бар.

«Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуі тиіс тұстар бар. Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және т.б. фонында ойын-сауық орындарында  түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыс уақытынан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек», - деп түсіндірді спикер.

Аталған шектеулерден басқа, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқыды әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы және нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс.

Новости партнеров