Алматыда V қысқы спартакиада ойындары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жолы жарысқа қатысушылар конькимен жүгіруден сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Олардың арасында халықаралық чемпионаттарда ел намысын қорғап жүрген белгілі спортшылар да бар.
Медеу мұз айдынында өткен шарада конькимен жүгірушілер алыс және жақын қашықтықтарға шауып, жеке рекордтық нәтижелерге қол жеткізді.
«Қазақстан Республикасының V кубогында Алау мұз айдынында өткен жарыста орындай алмаған нәтижемді Алматыда Спаркиада ойындары қарсаңында КМС нәтижесі арқылы толықтыра алдым. Бұл – менің бала кезімнен бергі арманым еді», – дейді жарысқа қатысушы Талғат Әділ.
Айта кетейік, мұндай үлкен жарыстар соңғы рет Медеу мұз айдынында 2017 жылы Универсиада ойындары кезінде өткен болатын.
«10 мың метр қашықтықта 1-орын алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстандықтарды ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын», – деді жарыс жеңімпазы Бақдәулет Сағатов.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!