Алматыда мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті

elements.envato.com
elements.envato.com
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараны алдағы уақытты да өткізіп тұруға ниетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мешіт жамағаты арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Асыл мұра» атты додада оза шапқан командаға 1 миллион теңге сыйақы берілді. Салауатты өмір салтын дәріптеген спорт жарысын Алматы қалалық дін-істері басқармасы ұйымдастырды. Аудандар арасында өткен сайыс бүгін қортындыланады.

«Біз «Тастақ» мешітінің атынан ойнап жатырмыз. Қазір жартылай финалға шықтық. Жарыс өте керемет өтіп жатыр, ұйымдастырушыларға рахмет», – деді жарысқа қатысушы Қуанышбек Жұмаділов.

Жалпы саны 120 команда қатысқан футбол ойынында «Ыбырай қажы» мешітінің жамағаты жеңімпаз атынып, 1 миллион теңгені қанжығасына байласа, 2-орынды «Ақсай» мешітінің ойыншылары місе тұтты. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараны алдағы уақытты да өткізіп тұруға ниетті.

«Жарысқа қаламыздың 8 ауданынан қатысушылар қатысып жатыр. Оларға ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталады», – деді жарыс ұйымдастырушысы Болат Құрмантайұлы.

Новости партнеров