Дәрмен Сәдуақасов Азия шахмат федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абу-Дабиде Азия шахмат федерациясының саммиті өтіп жатыр (ACF). Бүгінгі таңда ACF құрамына 54 елдің шахмат федерациясы кіреді, оның ішінде Қазақстан шахмат федерациясы да бар.
Саммитте федерацияның бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Қазақстанда шахматты дамыту Тұжырымдамасын таныстырып, аталған саладағы жетістіктері және жоспарымен бөлісті. Форум аясында ҚХР, Үндістан, Орталық Азия елдері федерацияларының басшылығымен шейх Сұлтан бин Халифа Әл Нахянмен кездесулер өткізілді.
Сайлауда Азия шахмат федерациясының кеңесімен ACF вице-президенті болып Дәрмен Сәдуақасов тағайындалды.
«Біздің шахматшылар өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер, қыздар құрамасы өте мықты. Қазақстанда ірі чемпионат өткізіле бастады. Осы сәтті пайдалана отырып, Freedom Finance Global және біздің федерация президенті Тимур Турловқа жаһандық шахмат турнирлерін ұйымдастыру мүмкіндігі үшін алғыс білдіргім келеді. Аталған іс-шаралар Қазақстанда балалар шахматының дамуына серпін беріп, бұл ойынды өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттайды. Менің Азия Федерациясына вице-президент ретінде тағайындалуым - еліміздегі шахматтың дамуын, халықаралық деңгейдегі табысты және Қазақстан федерациясының планетарлық ауқымдағы чемпионаттарды ұйымдастырудағы рөлінің мойындалғанын көрсетеді», - деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!