|
08.08.2022 | 17:19
3318

«Super Bol!» Спортшылар Қазақстан құрамасының белді ойыншыларымен бақ сынасты

Жоба аясында ұйымдастырылған финалдық матч 20 тамызда елордада өтеді

«Super Bol!» Спортшылар Қазақстан құрамасының белді ойыншыларымен бақ сынасты Almaty.tv

Орталық алаңда өткен бұл матч жас футболистер үшін аса маңызды. Спортшылар үлкен стадионда Қазақстан құрамасының белді ойыншыларымен бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Алаңда ала доп қуғандардың ішінде аты аңызға айналған мадридтік «Реал» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эстебан Камбьяссо да бар. Әйткенмен жолдастық кездесуде жас спортшылар осалдық танытпай, бірінші таймда алғашқы голды салып үлгерді.

Десе де үзілістен кейін тәжірибелі футболшылар қарсыластарының алдын орап, ойынның 90-минутында есеп теңестірді. Нәтиже – 4:4. Қандай ойын болса да бұл кездесу жастардың күштерін, шама-шарқын бағалауға мол мүмкіндік берді.

«1 сыныптан бастап футболға қызықтым. Әкем де футбол ойнайтын. 9 жасымнан бастап футболға қатыстым. Мектеп футболына 2 жыл қатысып, 5 жыл облыстық мектепке қатыстым. Футболист ретінде келімшартқа отыру – мақсатым», – деді жоба қатысушысы Бақытжан Мәліков.

Жалпы «Super bol» жобасы биыл жазда басталып, жобаға қатысуға 6 мың адам өтініш берген. Оның ішінен ең үздік 50 спортшы іріктеліпті. Қазір ойыншылар Ұлттық құраманың базасында жаттығып жатыр.

«Жас ойыншылар, кәсіби ойыншы боламын деп армандап жүрген балалар бүгін өздерін нағыз аңыз ойыншылардың қасында көріп өздерінің деңгейін көретін болады. Супер Бол командасында өте жақсы, дарынды ойыншылар бар деп ойлаймын. Әрине, олардың бәрі кәсіби футболға үйренуі қиын болады. Бірақ арасында бірнеше жақсы жігіт бар», – деді «Super bol» жобасының креативті продюсері Айдын Қожахмет.

Жоба аясында ұйымдастырылған финалдық матч 20 тамызда елордада өтеді. Сол арқылы жас спортшылар өздерін көрсетуге және жетекші футбол скауттарымен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алмақ. Ал матчтан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Бекзат Үшкемпіров, Назкен Еркін, Сағынғали Мұңайтпасов «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир