Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ainews.kz
ainews.kz
Мәйіттерде зорлық-зомбылық ізі болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда пәтерден табылған 34 жастағы әйел мен қос бүлдіршіннің мәйітінен зорлық белгілері анықталды. Полиция «кісі өлтіру дерегі бойынша» соталды тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы істі өз бақылауына алған қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


«Тергеу және жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Бейнематериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге деректері қазіргі таңда жария етуге жатпайды. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура ерекше бақылауға алды»,– деді Алматы қалалық прокуратурасының өкілі Бауыржан Төлендиев.

Бұған дейін 6 тамыз күні «Мамыр» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғанын жазған болатынбыз.



Новости партнеров