|
13.06.2020 | 18:17
4915

Бүгін – Денис Теннің туған күні

Қазақстан халқының мақтанышына айналған атақты спортшы тірі болғанда, 27 жасқа толар еді

Бүгін – Денис Теннің туған күні Фото: ашық дереккөзден / из открытых источников

Бүгін – Қазақстанда мәнерлеп сырғанау өнеріне теңдессіз үлес қосып, еліміздің атын әлемге паш еткен, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Денис Теннің туған күні, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан халқының мақтанышы Денис Тен тірі болғанда, биыл 27 жасқа толар еді.

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді. Осылайша Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді. 2010 жылғы олимпиадада ең жас қатысушы болғанына қарамастан, он бірінші орыннан көрінді.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында Денис Тен алтын жүлдені алды.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі. Сөйтіп қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.

Дереккөз: egemen.kz
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир