Алматыда 1500 балаға арналған шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есімі елге белгілі шахмат шебері Жансая Әбдімәліктің осындай ұсыныс-тілегін қолдады. Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездескен мемлекет басшысы сондай-ақ, мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу идеясын да құптады.
«Біз ең талантты балаларды іріктеп аламыз. Ол жерде 1500-ден астам бала оқиды. Оның 300-і шахмат пен ІТ-саланы тереңдетіп оқытатын интернатта білім алады. ІТ-саланы қосу себебіміз, түрлі эксперименттер жүргізіледі. Түрлі ғылыми баяндамалар да бар. Шахматшының ойлау қабілеті ІТ-маманның ойлау қабілетімен бірдей. Біз 5 сыныптан бастап дәл осындай ғылыми бағдарлау тәсілін енгізбекшіміз. Сол арқылы саланы дамытуға болады», – деді халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік.
Қасым-Жомарт Тоқаев танымал шахматшы қыздарға ілтипат білдіре отырып, бұл ойынға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы алдағы уақытта Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табысты өнер көрсететініне сенім білдірді.
«Қазақ қыздары халықаралық жарыстардан үнемі олжамен оралып келеді. Осы жолы чемпион боласыздар деп мен үміттенемін. Дегенмен жарыс деген өте қиын нәрсе, бәсеке жоғары. Сондықтан мен тілектеспін», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!