|
12.02.2022 | 17:50
934

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Жұптық сында Әмір Омарханов Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Егор Горин мен өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирде жеңімпаз атанды inform.kz

Қарағанды қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында екінші халықаралық ITF Juniors турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Team Kazakhstan академиясының тәрбиеленушілері табысты өнер көрсетті.

Бозбалалар арасында Ислам Орынбасар финалда ресейлік Артем Алексейчукті 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Сөйтіп ол жекелей сында ITF Juniors жарысындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Жұптық сында Әмір Омарханов Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Егор Горин мен өзбекстандық Артур Ибрагимовті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл да - Әмірдің ITF Juniors сериясындағы алғашқы жеңісі.

Бір апта бұрын Қарағандыда өткен осындай жарыста Әмір мен Виталий финалда И. Орынбасар мен өзбекстандық Әмір Милушевке есе жіберген еді.

Қыздар арасында жекелей сында қазақстандық Айя Нұпбай финалда ресейлік Ксения Пискаревадан ұтылды - 3:6, 3:6.

Сондай-ақ жұптық сында Асылжан Арыстанбекова мен А.Нұпбай соңғы кездесуде Беларусь өкілдері Варвара Бернович - Софья Гапанковадан айласын асыра алмады - 3:6, 2:6.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир