Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Диёраның кимоносы мұражайға қойылады

02.08.2024 22:51

Ол алтын медаль алған алғашқы өзбек спортшысы

Фото: УзА

2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының чемпионы, өзбек дзюдошысы Диёра Келдиёрова өзі бақ сынаған кимоносын Халықаралық олимпиада комитетінің мұражайына сыйға тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Өзбекстан ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Байқаудың бас баспасөз орталығында осы оқиғаға арналған конференция өтті.

Конференцияға Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, ҰОК бас хатшысы Ойбек Касимов, сондай-ақ Халықаралық олимпиада комитеті мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Келдиёрова - Жазғы олимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы өзбек спортшысы.

Оқи отырыңыз: Олимпиада: Қазақстан медальдар кестесінде сегізінші орында тұр