Алматыда құзға өрмелеуден республикалық деңгейде жарыс өтті

Алматыда құзға өрмелеуден республикалық деңгейде жарыс өтті
Ұлттық Олимпиада комитетінен арнайы келген мамандар жеткіншектер өнерін жоғары бағалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда құзға өрмелеуден балалар арасында республикалық деңгейде жарыс өтті. Спорттық шараға жергілікті және Қарағанды қаласынан келген бірнеше команда бақ сынасып, жекелей сынға түсті. Ұлттық Олимпиада комитетінен арнайы келген мамандар жеткіншектер өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі шара Халықаралық олимпиада комитетінің бастауымен жыл сайын әрбір елде олимпиада күні атап өтіледі. Соған байланысты ұлттық олимпиада комитеті өз тарапынан еліміздің 5 аймағында осындай шаралар ұйымдастырып жатыр», – деді ҚР ҰОК спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов.

Ұйымдастырушылар жарыстың Алматыда өтуі тегін емес екенін айтады. Себебі дәл осы спорт түрінен жерлесіміз Ришат Хайбуллин Токио олимпиадасына жолдама ұтып алған. Ал, балалар болса осындай жетістікке жету үшін алдағы уақытта барын салып дайындалатындарын жеткізді.

«Бұл спортпен отбасымның барлық мүшесі айналысады. Мені бұл жарысқа әкем дайындады. Ол – Қазақстандағы ең үздік альпинистердің бірі. Бұдан бөлек ол қазіргі таңда 20-дан астам баланы жаттықтырып жатыр. Ал, үлкен ағам осы спорт түрінен Токиода өтетін олимпиада ойындарына лицензия алып үлгерді», – деді жарысқа қатысушы Рашид Хайбуллин.

Новости партнеров