«Алматы спорты» әлеуметтік жобасы аясында тау шаңғысын тегін үйретуге 10-12 жастағы балалар қабылданады. Оқыту 2-31 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кәсіби нұсқаушылар әр балаға төрт сабақ өткізеді. Сабақ 60 минуттан екі ауысымда жүреді: бірінші ауысым сағат 8:00-де, екіншісі сағат 14:00-де басталады. Шаңғы курортына дейін апаратын көлік және қажетті заттар (шаңғы, таяқтар, ботинкалар, шлемдер) түгел ұйымдастырушылар тарапынан.
Тіркеу Бөгенбай батыр көшесі, 66 мекенжайында және almatysporty.kz сайтында немесе info@arnage.kz эл.поштасы мен +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі бойынша жүргізіледі.
Қажет құжаттар тізімі:
1. Ата-аналарының төлқұжаты және баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (2 көшірмеден);
2. Егер болса – отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы анықтамалар, құжаттар (көпбалалы, аз қамтылған);
3. Нақты тұратын мекенжайы, байланыс телефоны;
4. Баланың мектепке қай ауысымға баратынын көрсету қажет.
+7 (727) 291 33 24;
+7 (707) 245 72 55 (WhatsApp)
+7 (707) 343 9677;
+7 (778) 352 6141.