|
23.10.2023 | 18:20
2887

ALMA CUP 2023: Алматыда студенттері арасында баскетболдан турнир өтті

Жүлде қоры - 1 млн 200 мың теңге

ALMA CUP 2023: Алматыда студенттері арасында баскетболдан турнир өтті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

21-22 қазан Алматы қаласында ЖОО студенттері арасында ерлер мен әйелдер арасында «ALMA CUP 2023» чемпионатының баскетболдан турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ALMA CUP 2023» спорттық чемпионаты қала студенттері арасында ең танымал спорт түрлерін біріктіретін ауқымды жобалардың бірі. Жоба жастардың дене шынықтыру дайындығын және футбол, волейбол, баскетбол, киберспорт сияқты спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Баскетболдан жүлде қоры  1 млн 200 мың теңгені құраса, 600 мыңнан ерлер және әйелдер баскетболына бөлінді. Баскетболдан ерлер арасындағы турнирге қаланың 16, әйелдер арасындағы баскетболдан 6 жоғары оқу орны қатысты.

Баскетболдан ерлер арасындағы турнирде 1-орынды ХАТУ командасы, 2-орынды ҚазАСТ командасы, 3-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы жеңіп алды.

Турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы, 2-орын ҚазСТА командасы және 3-орын Асфендияров атындағы ҚазҰМУ командасына бұйырды.

Оқи отырыңыз: Алматылық қобызшы парашютпен секіріп, аспанда күй тартты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир