Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz
200 метрге «баттерфляй» әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бесінші орынға табан тіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияда жүзуден өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
100 метрге шалқалап жүзуден Әділ Қасқабай төртінші орын иеленді. Әйелдер арасындағы осы қашықтықта Анастасия Резанцева алғашқы төрттіке енген. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге «брасс» әдісімен жүзуде топ жарды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 10.11 секундта жүзіп өтті.
50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин топ жарса, 200 метрге «баттерфляй» әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бесінші орынға табан тіреді.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40