Қазақтың «Алтын дауысы» атанған Бүркіт Бекмағанбетов 70 жаста

Almaty.tv
Almaty.tv
Диктор 90 жылдардан бастап гол соққан ойыншылардың есімін хабарлай бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың «Алтын дауысы» атанған Бүркіт Бекмағанбетов 70 жасқа толды. Қайрат футбол клубына өзінің 30 жылдық өмірін арнаған диктор спорт жанкүйерлеріне қалтқысыз қызмет етті. Ардагер журналистің мерейтойына қатысып келген Almaty.tv тілшісі Мерей Қанапиянов тарқатсын.  

Бұл дауысты Орталық стадионға келгендердің естімеуі мүмкін емес. Диктор 90 жылдардан бастап гол соққан ойыншылардың есімін хабарлай бастады. Содан бері спорт жанкүйерлері үшін ең танымал дауысқа айналды. Бүгінде ардагер журналист зейнетке әлдеқашан шықса да, өзінің сүйікті жұмысын тастамапты. Сонымен қоса Қайраттың ел чемпионатында топ жаруы туған күніме үлкен сый болды, дейді диктор.

«Мінекей, «Қайраттың» чемпион болғанын көре алмай қалған, әттеген-ай деп жүрген жанкүйерлер көп. Осы жеңісі жемісті болсын. Осы жеңісі жеңіске жалғаса берсін деп тілеймін. Құттықтап жатырған «Қайраттың» басшыларына, Орталық стадион басшыларына рақмет», – деді ҚР Мәдениет қайраткері, диктор, журналист

Бүркіт Бекмағанбетов.

«Қазақтың» алтын дауысы» атанған диктор туған күнін 30 жыл бойы қызмет еткен «Қайраттың» базасында атап өтті. Шағын жиынға өзінің ет жақындары мен клуб басшылығы қатысты.

«Енді футбол десе футболға өзі де барады, қонақтарды да шақырады. Немерем де дәл солай футболға барады. Ол кісі жасынан футбол да ойнады, баскетболды да ойнады. Одан бөлек композитор, ақын екенін де бәріңіз білесіздер ғой», – деді Б. Бекмағанбетовтің жұбайы Әмина Бекмағанбетова.

Бүркіт Бекмағанбетов стадиондағы жұмысын оркестрмен салыстырады. Яғни, жанкүйерлер көрермен болса, өзін дирижер санайды.

«Бұл кісі шынында аңызға айналған тұлға. Көп жылдан бері Орталық стадионда диктор болып қызмет еткендіктен, командаға қосқан үлесі зор. Алдағы уақытта да клуб тарапынан Бүркіт Мәжитұлымен байланысымыз жалғаса береді», – деді "KAIRAT" FC бас директорының міндетін атқарушы Марат Баймұханов.

Бүгінде диктор тезірек карантин аяқталып футбол алаңында жанкүйерлермен қайта қауышқысы келеді. Себебі ол кәсібін өміріне айналдырған ерекше тұлға.

Мерей Қанапиянов, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы

Новости партнеров