Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольмда (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті.
Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Америкалық-франциялық дуэт 6 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе алған жоқ.
Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Бельгиядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: Ханчжоуда Қазақстанның мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!