Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды. Ойынның рапид және блиц түрінен бақ сынайтындардың бәрі – мектеп оқушылары. Ал спорттық әрі зияткерлік біріншілікке әлемнің 17 елінен 200-ден аса бала тіркеліпті. Бүгін салтанатты ашылуы болған ойын 24 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атырауда тоғызқұмалақты дамыту кезінде былтыр Президент «шығынды аз қажет ететін спорт түрлерін дамыту керек» деді. Соның ішінде тоғызқұмалақ бар. Байқаудың жүлде қоры – 8 млн теңге. Жүлде саны – 32. Бірінші орынға 450 мың теңге, үшінші орынға 150 мың теңге беріледі, – деді Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсұн.
Ұйымдастырушылар әлем елдерінің арасында тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтың жыл санап өсіп жатқанын айтады. Байқауға қатысып жатқан 17 мемлекеттің өкілі – соның дәлелі.
Айта кетейік, аталған ойын Лондонда, Прага мен Пардубицеде және Францияның Канн қаласында дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енген еді. Ал 2009 жылдан бері ғаламторда ресми тіркелген ойын онлайн жүйеде де қолжетімді болған.
– 2010 жылы алғаш әлем чемпионаты өтті. Содан бері 6 әлем чемпионаты, 5 Азия чемпионаты, 4 Еуропа чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл чемпионаттарға 25-30 мемлекеттің өкілі қатысса, олардың арасында сол жақта тұрып жатқан қазақ жоқ. Олар - сол елдердің тұрғылықты тұрғыны. Тоғызқұмалақ қанатын жайып, аясын кеңейтті, – деді Республикалық және дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов.
Оқи отырыңыз: Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды елде қалай қарсы алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!