Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында әзірге Париж олимпиадасының 19 лицензиясы бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай төмен көрсеткішке қарамастан Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев санға емес, сапаға мән береміз деп отыр. Дегенмен алда әлі 60-қа жуық лицензиялық турнир бар. Сол жарыстарда жазғы олимпиадаға жолдама ұтады деген сенім мол.
Осы күні Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында спорттың 8 түрінен 19 лицензия бар. Әзірге садақ атудан – 4, велошосседен – 3, нысана көздеуден – 5, бессайыс пен бокстан екі-екіден, грек-рим күресі, еркін күрес пен спорттық гимнастикадан бір-бір жолдама бұйырып тұр. Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, бұл көрсеткіш Токио олимпиадасымен салыстырғанда төмен. Сол уақытта спортшыларымыз 30 жолдаманы жеңіп алған еді.
«Әлі 60-қа жуық лицензиялық турнир бар. Бұл жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, лицензияның санын 70-тен асыру көзделіп отыр. Қазір спортшыларымыз бокстан Италияға кетті. Сол жақтан 3-4 лицензия алады деп үміттеніп жатырмыз», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Қазақстан құрамасының Париждегі жазғы олимпиадаға киіп баратын формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайнын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланғанын да айта кету керек. Келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия қарап, ортақ шешім қабылдайды. Оған Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, БАҚ өкілдері мен танымал спортшылар кірген.
«Наурыздың онына дейін конкурс жарияланған. Өтінім қалдыруға әлі уақыт бар», – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Конкурс екі кезеңнен тұрады. 10 наурызға дейін өтініш қабылданса, сол айдың 15 жұлдызына дейін жеңімпаз анықталады.
Айта кетейік, бүгін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен қазақстандық спортшылардың Париж олимпиадасына дайындығын талқылады. Мәртебелі мейман біздің отандастарымыздың байрақты бәсекеде сәтті өнер көрсетуіне тілектес екенін айтып, олимпиада бойтұмарын табыс етті.
Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы
Оқи отырыңыз: Сұрақ-жауап: Наурызбай ауданы тұрғындарының мәселесі қалай шешіледі
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!