Қазақстан спортына үлкен еңбек сіңірген белгілі азамат Бекет Махмұтов өмірден озды

Оның есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан спортына үлкен еңбек сіңірген белгілі азамат Бекет Махмұтов  өмірден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның есімі қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері болды, самбодан КСРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Бекет Сапарбекұлы 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін бокс және дзюдо спортының дамуына арнады. Әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. 1996-2006 жылдарда Халықаралық бокс федерациясының вице-президенті, 2009 жылы еліміздің дзюдо федерациясына жетекшілік етті. Әріптестері қызметте еткен еңбек жолында еліміздегі спорт саласаның өркендеуіне ерекше күш салғанын айтады. «Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Новости партнеров