Бүгін Алматыда шахматтан әлем чемпионатының бірінші күні басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы дода 4 күнге созылады. Әлем үздіктері Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өзара бақ сынасып жатыр. Байрақты бәсеке шахматтың рапид түрінен басталды. Жарысқа 50 шақты елден 300-ге жуық ойыншы қатысып жатыр. Олардың арасында көпке аты мәлім, әлемдік рейтингтерде көш бастап тұрған Магнус Карлсен, Хикара Накамура сынды мықты ойыншылар бар. Шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен өңірлік коммуникация алаңында берген сұхбатында Алматының әсем табиғаты мен қазақтардың қонақжайлылығына қайран қалғанын айтты.
«Баршаңызға мәлім соңғы екі жылда пандемияға байланысты көптеген шара өтпеді. Енді әлем чемпионатының өткізіліп жатқанына, Алматыға келгеніме қуаныштымын. Ашылу салтанаты да керемет өтті. Барлық қатысушыларға ұнағанына сенімдімін. Онда «Қазақстанға қош келдіңіздер!» деген әдемі сөзді естідім. Маған қазақтың шапанын жапты», – деді шахматтан қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен
Жарыстың жүлде қоры - 1 миллион АҚШ доллары. Бұл қаржы демеушілердің көмегімен жиналған. Ал кіл мықтылардың есімі 30 желтоқсанда мәлім болады. Дәл сол күні чемпионаттың жабылу рәсімі өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шаршы тақтаның шеберлері жалпы саны 4 медаль жиынтығына таласады. Яғни, рапидтен бір әйел және бір ер адам чемпион атанса, блицтен де жеңімпаздар тура солай анықталатын болады.
«Халықаралық деңгейдегі жарысты өткізу үшін мемлекетке қойылатын белгілі бір талаптар бар. Шараға бар жауапкершілікпен дайындалдық. Біздің ұжым үлкен жұмысты атқарды. Демеушілерді де өзіміз іздедік», – деді Қазақстан шахмат федерациясының жауапты хатшысы Ақжан Шопанов.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!