Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін екі тарап әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат екі ұйым арасындағы тоғызқұмалақты дамытуды, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша нақты іс-шаралардың жоспарын әзірлеуді көздейді. Қауымдастық пен федерация бірден алда Ақтөбеде өтетін тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионатын талқылап, спортшылардың дайындығын сөз етті.
«Меморандумда тоғызқұмалақ федерациясының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіруі қарастырылған. Біз күш біріктіру арқылы мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыра аламыз. Бүгінгі жиын – ұлттық спорттағы үлкен өзгерістердің бастауы. Білімді, саналы, ақылды жастар – ұлт болашағы. Ал тоғызқұмалақ жастардың ақыл-ойын дамытып, қабілетін арттырады. Олардың бойына қайсар мінезді қалыптастырады», – деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!