Петропавлдық қөлөнер шеберінің жұмысына шетелдіктер қызығушылық танытып отыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Ғабит Темірбеков қолөнермен бала күнінен айналысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағаштан түйін түйген шебер. Петропавл қаласының тұрғыны ағаштың бұтағынан, діңгегінен ерекше, заманауи бұйымдар жасап, көптің қызығушылығына бөленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ғабит Темірбеков алыстан көз тартар түрлі интерьерлік дүниелерді жасағанды жақсы көреді.  Соның бірі – мына туынды. 

Алғашында шебер оны отын ретінде пайдаланбақ болыпты. Бірақ ағаш бұтасының ерекше пішінін көріп, бұл ойынан айныған. Өзінің шеберлігін қосып, әдемі бұйым дайындапты.

«Мұны үйеңкі ағашынан жасадым. Артық жерін алып тастап едім, осындай мүсін шыға келді. Бұған қолшатыр не газет салып қоюға болады. Материал неғұрлым қиын болса, соғұрлым жұмыс істеу де қызығырақ», – деді қолөнер шебері Ғабит Темірбеков.

Ғабит Темірбеков қолөнермен бала күнінен айналысады. Бұған дейін ол коммерциялық өнім шығарумен шұғылданып келіпті. Шебер мәдениетті дамытуда үгіт-насихат қажеттігін айтып, өнерлі азаматтардың басын біріктіріп, арнайы шеберханалар ашығанын қалайды.

«Қолөнер – өлмейтін қазына. Менің ойымша, үйде отыратын мүмкіндігі шектеулі жандар бұл өнермен айналыса алады. Тіпті, шағын цех ашып, ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасауға болады», – деді қолөнер шебері Ғабит Темірбеков.

Қолөнер шеберінің жұмыстарына шетелдіктер де қызығады екен. Бірнеше туындысы кәдесый ретінде Америка мен Германияға жіберіліпті. Ғабит Темірбековтың өзі жастарға қолөнердің қыр-сырын үйретуге ынталы екенін жеткізді.

Нұргүл Алина, Жұлдызбек Ермұқанов, «Алматы» телеарнасы, СҚО-дан

Новости партнеров