|
03.09.2024 | 20:02
210

Көшпенділер ойындары: Алматылықтар Қытайдан велосипедпен шыққан азаматты күтіп алды

Бұл – оның алғашқы сапары

Көшпенділер ойындары: Алматылықтар Қытайдан велосипедпен шыққан азаматты күтіп алды Almaty.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында ұлттық құраманың дүбірлі додаға дайындығы, спорт кешендері мен қонақ үйлердің, сондай-ақ мәдениет ошақтарының жұмысы, қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы көшпенділер ойынын жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.

Ал бүгін Алматы жұртшылығы ел астанасында өтетін халықаралық жарысты тамашалау үшін Қытайдан арнайы велосипедпен шыққан азаматты күтіп алды. Ол 5 күннің ішінде 500 шақырымды артқа тастап үлгерген.

– Сапар оңайға соқпады. Соңғы екі-үш күн боран болды. Қиналып келе жатқанда жақсы әпке-ағаларымыз жолдан тосып, жақсы сөзін айтып, суын берді. Бойыңа қайта күш жинадым, – деді велосипедші Айбар Тұрсынбайұлы.

Айбар Тұрсынбайұлы 8 қыркүйекте басталатын жарысқа жету үшін 1200 шақырымды еңсеру керек. Бұл – оның велосипедпен шыққан алғашқы сапары. Қытайлық қандастың жолдағы қауіпсіздігін қадағалау үшін әрі Астанаға дейінгі жолда көмек беріп, қолдау үшін Алматы жұртшылығы велосипедшімен бірге арнайы көлік те жібермекші.

– Жиырма жастағы жігіт байырғы қазақтардың қонақжайлылығын сезінсін! Шапан жауып, күтіп алдық. Қауіпсіздік шарасын да ойластырып жатырмыз, – деді ұйымдастырушы Нақып Жылқыбекұлы.

Оқи отырыңыз: Бірлік керуені: Қызылорда облысынан арнайы делегация арқа төсіне аттанды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир