Бірінде серкені қазандыққа, енді бірінде шеңберге тастайды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Бәсеке жоғары ойын өтті. Көкпар — эмоцияға толы спорт. Спортшылар алтын салымды салды, бұл ауқымды еңбектің арқасы, ұжымның еңбегі. Келешекте екі ел арасындағы ұлттық спорт түрін ереже, спорт түрінің атауын бір жүйеге алып келуіміз керек. Бірінде серкені қазандыққа, енді бірінде шеңберге тастайды. Келешекте екеуін бір жүйеге келтіру маңызды. Қырғыз тарапымен министрлік деңгейінде бір шешімге келіп жатырмыз», - дейді министр.
Айта кетейік, көкпардан Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды. Қырғызстан құрамасымен алаңға шыққан көкпаршылар 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз: Көк бөрүден Қазақстан құрамасы күміс жүлде алды