|
02.09.2021 | 20:19
6155

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы жаңартылды

Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мекемеде 1 қыркүйектен бастап күрес түрлерінен үйірмелер ашылып, қатысқысы келетін балаларға іріктеу жүргізіліп жатыр

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы жаңартылды. Нысан заманауи үлгіге сай салынып, қолданысқа берілді. Тіпті мекеме басшылары жас спортшыларды даярлау үшін үйірмелер ашып, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін шақыртыпты. Almaty.tv тілшісі Мерей Қанапиянов жалғастырсын. 

Бүгін нысан басшылары БАҚ өкілдерімен арнайы кездесу өткізіп, спорт сарайының жұмысымен таныстырды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мекемеде 1 қыркүйектен бастап күрес түрлерінен үйірмелер ашылып, қатысқысы келетін балаларға іріктеу жүргізіліп жатыр.

«Мақсатымыз балалар спортын дамыту. Осы 3 жылдың ішінде 2-3 спорт секциясын қостық. Бұрын 300-дей бала болатын, қазір 600-700 ге жуық бала бар бізде», – деді Б. Шолақ атындағы спорт сарайы басшысының орынбасары Алмат Қайратұлы.

Одан бөлек, мамандар олимпиада ойындарына соңғы болып қосылған спорт түрлеріне баса назар аударып отыр. Нәтижесінде брэйк-дэнс, каратэге арнап жаттығу залдарын ашыпты.  

Балуан Шолақ сарайының тағы бір артықшылығы мұнда құзға өрмелеуге арналған зал бар.  Бұл спорт олимпиада ойындарына кіргеннен кейін Алматыда экстремалды спортқа қызығатындардың саны күрт артқан.

Айта кетейік, Балуан Шолақ сарайының жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құраса, қасында орналасқан екінші аренасы 20 мың шаршы метр шамасында. Тіпті басқа елдерден келген туристер үшін этно стилдегі ұлттық бұйымдар орталығы ашылыпты. Мұнда спортшыларға арналып мәдени көрме ұйымдастырылыпты.

Мерей Қанапиянов, Ялкунжан Ашимжанов «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир