Биылғы жазғы универсиададан олжары оралған спортшылармызға мемлекет 70 мың АҚШ долларын беретін болды. Ал бапкерлерін қоса есептегенде, марапатқа Республикалық бюджеттен 140 мың доллар кетеді. Теңгеге шаққанда бұл - 53 миллион 792 мың, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Додадан бірінші орын алған спортшыға 15 мың доллар табыс етіледі. Ал екінші орынға – 10 мың, үшінші орынға 5 мың доллардан беріледі. Дәл осындай сома спортшының бапкерлеріне де беріледі.
Естеріңізде болса, универиада осы айдың 3-14 аралығында сайыс Италияның Неаполь қаласында ұйымдастырылған еді. Оған әлемнің 118 елінен 6000-ға жуық студент қатысқан. Жеті медаль еншілеген Қазақстан жалпыкомандалық есепте 25-орынға ие болды. Бас-аяғы команда сапында 94 спортшы бақ сынасты. Құраманың жалғыз алтын медалін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жеңіп алды.
Жеңіс үшін марапат (спортшы мен бапкерге бірдей беріледі)
1 орын – 15 мың доллар
2 орын – 10 мың доллар
3-орын – 5 мың доллар
Жалпы сыйақы көлемі – 140 мың долллар – 53 миллион 792 мың теңге
Италияда өткен универсиада нәтижесі:
Жарысқа 118 ел қатысты
Қазақстан – 7 медаль алды
Алтын медаль – дзюдошы Ғалымжан Қырықбай
Күміс медаль – гимнаст Нариман Құрбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет – Михаил Литвин, таеквондошы – Смайыл Дүйсебай, стендтік ату – Зоя Кравченко.