Қатаң тәртіп пен табандылық. Осы екі ауыз сөз жаттықтырушы Степан Горбачевтың айнымас ұранына айналған. Жастайынан спорттың жеңіл атлетика түрімен айналысқан ол – қазір бапкер.
Степан Горбачев жастайынан осындай спорт залда дайындалды. Талай белесті бағындырды. Оған спорттағы мансабын ерте аяқтауға тура келді. Себебі жарыста жүріп, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер гимнастиканы жалғастыруға рұқсат бермепті. Спорттан ажырай алмайтынын білген ол соңғы 10 жылда бапкерлікке бет бұрған.
«Спортшылардың бір күнде кем дегенде 8 сағаты спорт залда өтеді. Жарыс уақыты жақындаған сайын дайындықты күшейтеміз. Біздің спорттың ерекшелігі – сенімен ашық шайқасқа түсетін, шалып құлататын қарсыласың болмайды. Басты қарсыласың - өзіңсің. Ең қиыны да сол», – деді ҚР Ұлттық құрамасының спорттық гимнастикадан жаттықтырушысы Степан Горбачев.
Талант пен талап. Осы екеуі ұштасса, алар асуың қалмайды. Ол алдына келген әр баланың санасына осы сөзді сіңіріп өсірді. Нәтижесі де жаман емес. Қазір шәкірттері 2024 жылы Парижде өтетін әлемдік додаға дайындық үстінде.
«Спорттық гимнастиканың негізгі міндеті – жаттығуды тұрақты әрі мінсіз жасауға дағдылану. Қазір осыған бар күшімізді салып жатырмыз. Бұл ретте тренердің бізді рухани қолдауы аса маңызды. Степан Горбачевты өз ісінің шебері деп айтар едім. Бір-бірімізді айтпай түсінеміз. Дайындық кезінде бір қателік жіберсем маған белгі береді. Мен оны ескерту деп қабылдаймын», – деді спорттық гимнастикадан олимпиада ойындарына қатысушы Милад Карими.
Елімізде спорттық гимнастиканың қарқыны жаман емес. Ел атын асқақтатқан гимнастшылар әлемдік аренада топ жарып жүр. Бүгінде спорттың бұл түрінен ұлттық құрама мүшелерінің басым көпшілігі – жастар. Алда өтетін әлемдік олимпиадада да оларға артылар жүк ауыр.
Ұлағат Арғын, Ялкунджан Әшімжанов, «Алматы» телеканалы
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!