Назым Қызайбай мен Демеу Жадыраевқа Алматы облысынан пәтер берілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Дүбірлі додаға қатысқандарды өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға Алматы облысынан пәтер берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дүбірлі додаға қатысқандарды өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев жеке құттықтады. Аймақ кәсіпкерлері халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген дарынды спортшыларды қолдауға әрқашан дайын екенін айтып, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Париж олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшыларды Алматы облысының жұрты ерекше ықыласпен қарсы алды. Өңір басшысы аймақ кәсіпкерлері атынан Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа 10 миллион теңгенің сертификаты мен үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Сондай-ақ спортшының жаттықтырушылары назардан тыс қалмады.

– Алматы облысының орталығында қошемет көрсетіп жатыр. Халықтың қолдауы керемет! Еліме, Алматы облысының азаматтарына алғысымды білдіремін, – деді Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев.

Боксшы Назым Қызайбайдың Алматы облысында үш бөлмелі пәтері бар. Былғары қолғап шеберіне қосымша 2 миллион теңгенің сертификаты да берілді.

– Елімізге оралып, Алматы облысында халық жиналып құттықтап жатыр. Өте қуаныштымын. Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бізді қолдаған бауырларға, туған-туысқа, халыққа алғыс білдіремін, – деді Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай.

Алматы облысының әкімі Парижде өткен Олимпиада ойындарының қатысушыларына кәсіпкерлер атынан 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Салтанатты кеш мерекелік концертке ұласты.

Рүстем Айткәрім, Гүлмарал Изатқызы, Адель Ақжаркенова, «Алматы» телеарнасы, Алматы облысы

Новости партнеров