Алматыда қазақ күресінен «Әлем Барысы» өтті

Instagram: sagintayev.b
Instagram: sagintayev.b
Әлем чемпионатына дүниежүзінің 30 елінен 33 балуан қатысып, күш сынасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда қазақ күресінен «Әлем Барысы» төртінші абсолюттік әлем чемпионатына дүниежүзінің 30 елінен 33 балуан қатысып, күш сынасты. Олар АҚШ, Австралия, Бразилия, Италия, Греция, Испания, Камерун, Куба, Корея, сондай-ақ көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және т. б. елдері. Бұл жайлы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Күрес нәтижесі бойынша «Әлем Барысы» атағын ресейлік балуан Роман Бобиков жеңіп алды. Қазақстандық Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов күміс пен қола белбеулерінің иегерлері атанды», - деді шаһар басшысы.

Сондай-ақ әкім өз жазбасында мұндай чемпиондық белбеудің бұған дейін Кубада, екі рет Қазақстанда болып, енді, міне, Ресейге аттанып бара жатқанын айтты.


«Қазақ халық күресін халықаралық деңгейге көтерген спортшылар мен турнир ұйымдастырушыларын құттықтаймын!», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров